Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев жұптық сында жаңартылған ATP рейтингіндегі орны жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұқаев 281 позицияға көтеріліп, қазір 991-орында. Айта кетейік, өткен аптада швейцариялық Антуан Бельемен бірге Бейбіт Морелоста (Мексика) өткен турнирде сенсациялық түрде америкалық Райан Сеггерман мен Патрик Трхачты – 7:6, 6:7, 12:10 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Бейбіт Жұқаев жекелей сында ATP рейтингінде 189-орында тұр.