Футболдан Израиль чемпионатының үшінші тур матчы өтті, онда «Хапоэль» Беэр-Шева өз алаңында Тель-Авивтің «Маккаби» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беер Шевадағы кездесуде 1:0 есебімен «Хапоэль» жеңіске жетті.

Гол соққан: Антонио Сефер (пенальти)

«Хапоэльдің» қазақстандық шабуылшысы Артур Шушеначев 52-минутта алаңға шықты.

Биылғы маусымда қазақстандық ойыншы израильдік команда сапында 11 кездесу өткізіп, екі гол соқты.

20 сәуірде «Хапоэль» сырт алаңда Хайфаның «Маккабиімен» ойнайды.