Англиялық «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Антони Марсьяль жазғы трансфер кезеңінде клуб ауыстырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Фабрицио Романо мәліметінше, Марсьяль осы маусымнан кейін «Манчестер Юнайтедтен» кетеді. Француз шабуылшысы алдағы уақытта өзіне жаңа клуб табады. Қазір ол жарақатынан емделіп жатыр.

Марсьяль «Манчестер Юнайтед» сапында 2015 жылдан бері ойнайды. Оның келісімшарты 2024 жылы жазда аяқталады.