Қырғызстан астанасы Бішкектегі Азия чемпионатында грек-рим күресінен жеңімпаздар анықталып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

87 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов белдескен. Оның қарсыласы ирандық Насер Газем Ализаде болды. Тұрсынов 0:5 есебімен жеңілді.

Осылайша, Нұрсұлтан Тұрсынов турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Еске салайық, 1/2 финалда Тұрсынов өзбекстандық Рахимжон Узоковты (9:0) сенімді жеңген.