Қазақстан балуан Ибрагим Магомадов Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол грек-рим күресінен 77 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Қола үшін белдесуде Магомадов Иран өкілі Амир Али Абдиді 4:3 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық Ержет Жарылқасын (63 келі) финалда жапониялық Аят Сузукиді жеңіп, Азия чемпионы атанды.