Сәуірдің 15-і мен 21-і аралығында Макао қаласында (Қытай) үстел теннисінен ерлер мен әйелдер арасында Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздіктердің үздіктері бір миллион долларлық жүлде қорын сарапқа салады.

No1 топта қазақстандық Кирилл Герасименко өнер көрсетеді.

Оның қарсыластары Ван Чуцин (Қытай) – командалық, жұптық және аралас жұптар бойынша 7 дүркін әлем чемпионы, Ан Чжэ Хён (Оңтүстік Корея) – командалық есепте Азия чемпионы, жекелей есепте әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері болады. бәсеке және команда.