Қазақстан әйелдер құрамасының үш ойыншысы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде жеке трофейлерге ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Арина Щеколова үздік қақпашы деп танылса, Александра Шегай үздік шабуылшы атанды.

Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы ретінде Анастасия Оразбаева аталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы бес ойыннан 15 ұпай жинап, екінші дивизионның А тобында бірінші орынды иеленді. Бұл нәтиже оларға бірінші дивизионның В тобына көтерілуге мүмкіндік берді.