Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Штутгарт (Германия) WTA 500 турниріндегі қарсыласы анықталды.

Осы аптада 15-21 сәуір аралығында өтетін жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші доданы екінші айналымнан бастайды.

Е.Рыбакина әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметова немесе рейтингіде 24-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчикованың қай жеңгенімен кездеседі.

Бұлардың қай-қайсысы да оңай шағылатынын жаңғақ емес.

Өткен жылы Рыбакина Штутгартта екінші айналымнан аса алмаған болатын. Биыл сол көрсеткішін жаңартатындай мүмкіндігі бар.

Штутгарт турнирі 2024 жылы топырақ төсенішіндегі алғашқы жарыс болмақ.