Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Эльжана Таниева Болгария астанасы Софияда өткен әлем кубогі кезеңінде бақ сынады, деп жазады Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы көпсайыс қорытындысы бойынша 131.400 ұпай жинап, бесінші орынға табан тіреді.

Сондай-ақ, жекелеген жаттығулар бойынша финалда өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, ұршық және таспа жаттығуында ақтық сынға шықты.

Нәтижесінде, ұршық жаттығуы бойынша төртінші орынға тұрақтады.