Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақ халқына қолдау білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан халқы үшін дұға етемін. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз», – деп жазды «Канело» Instagram желісіндегі парақшасында Қазақстанның туын қосып.

Айта кетейік, Қазақстанның су тасқынынан ең көп зардап шеккен қалалары – Атырау мен Орал.

Сауль Альварес келесі жекпе-жегін 5 мамырда – мексикалық боксшы Хайме Мунгуиға қарсы өткізеді.