Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның (WTA рейтингінде 4 орын) Штутгарттағы (Германия) Porsche Tennis Grand Prix турниріндегі алғашқы кездесуінде кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина екінші айналымнан бастап, Вероника Кудерметова (19-орын, Ресей) - Барбора Крейчикова (24-орын, Чехия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Штутгарттағы турнир 15 сәуірде басталады. Турнирдің жүлде қоры 802 237 еуро. Байқау жеңімпазы 123 480 еуро алады.

Қазіргі чемпион – поляк теннисшісі Ига Швентек (1-орын): былтыр финалда беларусьтік теннисші Арина Сабаленканы (2-орын) ұтты – 6:3, 6:4.