Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Анастасия Панасович қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

72 келі салмақта Панасович қола жүлдегер атанды.

Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде Өзбекстандықтан басым түсті.

Айта кетейік, бүгін Лаура Алмағанбетова да үздіктер қатарынан көрінген болатын.