UFC басшысы Дана Уайт екі салмақ дәрежесіндегі промоушеннің бұрынғы чемпионы Конор МакГрегордың окгонға оралатын күнін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі спорт24 сайтына сілтеме жасап.
МакГрегор 29 маусымда Лас-Вегаста өтетін UFC 303 турнирінде өнер көрсетеді. Онда Конор Майкл Чандлермен кездеседі. Бұл ирландиялық файтердің 2021 жылдың 11 шілдесінен бергі алғашқы жекпе-жегі болады.
Сол кезде UFC 264 турнирінде МакГрегор Дастин Порьеге қарсы жекпе-жекте аяғын сындырып алып, Бриллианттан қатарынан екінші рет жеңіліп қалған.
Комментарии