Болгария астанасы София қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңінде қазақстандық Эльжана Таниева екі жаттығуда финалға шықты.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ел намысын қорғап жатқан Эльжана Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша 131.400 ұпаймен бесінші орын алып, таспа және ұршықпен жаттығуда финалға шықты.

Финалдық сайыстар бүгін, яғни 14 сәуір күні өтеді.

Осы Әлем Кубогы кезеңінен кейін Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін лицензиялық Азия біріншілігіне аттанады.

Айта кетелік, Әлия Юсупова бастаған бапкерлер құрамы Азия чемпионатына қатысатын екінші спортшыны халықаралық жарыстар қорытындысы бойынша таңдап алған болатын.