Кеше қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков 3 дүркін Азия чемпионы атанды. Ол қатарынан үш жыл топ жарды.

- Құрметті, қазақ елі! Жеңісімді Құлсары, Ақтөбе, Орал, Қостанай өңірінде су тасқынынан зардап шеккен халқыма арнаймын. Еңсеміз түспесін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді видеода Азамат Дәулетбеков.