Токио қаласында Билли Джин Кинг кубогының Қазақстан мен Жапония арасындағы іріктеу матчы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кортта жұптық сында Анна Данилина - Жібек Құламбаева әлемнің 20-ракеткалары Сюко Аояма - Эна Сибахарамен сынға түсті.

Бірінші партияда қазақстандық жұп тай-брейкте басымдылық танытты - 7:6 (9:7).

Екіншісінде жапониялықтар есе қайырды - 6:3.

Фото: ҚТФ

Супер тай-брейкте Құламбаева - Данилина жеңіст жұлып алды - 11:9.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандықтар 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Жапониялық дуэт 3 эйс, 5 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.Осылайша, қорытынды есеп - 3:1, Жапония құрамасы финалдық кезеңге жолдама алды.

Фото: ҚТФ

Қазақстан командасы қараша айында Билли Джин Кинг кубогінің плей-офф кезеңінде бақ сынайды.