«Ордабасының» бұрынғы 28 жастағы бразилиялық қорғаушысы Ауро Жуниор грузиндік «Торпедоға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт 1+1 схемасы бойынша жасалды. Бразилиялықтың жаңа клубы қазір Грузия чемпионатының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.

Ауро шымкенттік клубтан осы жылдың қаңтар айында кеткен болатын. Қорғаушы «Ордабасы» сапында 27 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.