Америкалық қорғаушы Карвел Андерсон мансабын Краснодардың «Локомотив-Кубань» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісім шарттарына сәйкес, қазақстандық клуб трансфер үшін қаржылай өтемақы алады.

Жалпы, Андерсон «Астана» сапында ВТБ Бірыңғай лигасында 39 матч өткізді.

«Ойыншыға берілгендігі үшін, бірге өткізген барлық жарқын эмоциялар мен жеңістер үшін алғыс айтамыз! Сізге болашақ мансабыңызда сәттілік тілейміз!». – делінген Астана клубының мәлімдемесінде.