Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Асыл Айтақын күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

61 келі салмақта сынға түскен Асыл Айтақын финалда қырғызстандық балуан Таир Жұмашбекұлынан ұтылды. Есеп - 3:1.

Осылайша, Айтақын ел қоржынына екінші күмісті салды. Кеше Ризабек Айтмұхан да екінші орыннан көрінген.