Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының финалында айқасады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Азамат еркін күрестен 86 келі салмақта сынға түсуде. Жартылай финалда ол қытайлық Пейлон Лиді 11:0 есебімен ұтты.
Финалда Дәулетбеков өзбекстандық Жабраил Шапиевпен белдеседі.
Азамат финалда ұтқан жағдайда, Азияның үш дүркін чемпионы атанады.
Комментарии