Қазақстандық, 18 жастағы Соня Жиенбаева Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты.

Дүниежүзілік рейтингіде 1246-орында тұрған жас теннисші алдымен әлемнің 896-ракеткасы, болгариялық Дия Евтимовадан 6:4, 6:1 есебімен айласын асырды.

Жиенбаева бүгін екінші айналымда әлемнің – 524, осы жарыстың 1-ракеткасы, 18 жастағы ресейлік Александра Шубладземен кездесуде сенсация жасады. Соня Шубладзені 6:3, 7:5 есебімен жарыс жолынан тайдырды.

Енді Соня жартылай финалға өту үшін рейтингіде 1001-сатыдағы аустриялық Мавие Остерейхермен шеберлік байқасады.