Алматыдағы OCTAGON 57 турнирі аясында жеңіл салмақта қызықты жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тәжірибелі қырғызстандық Кутман Асеков (6-5) ұйымдағы кезекті жекпе-жегін өткізеді. 24 жастағы файтердің қарсыласы жеңіліп көрмеген өзбекстандық Мухиддин Мамажонов (5-0) болады

Өзбекстандық файтер Қазақстанда алғаш рет өнер көрсеткелі отыр. Словакияда орналасқан Fabriq MMA еуропалық ұйымы аясындағы соңғы жекпе-жегінде Мамажонов Гвинея-Биссаодан келген бұрынғы Bellator файтері Ламик Фуртадоны (7-7) жеңді.

Асековке келсек, октагондағы соңғы кездесуінде ол күтпеген жерден қазақстандық Жансерік Жақсығұловты (5-4-1) жеңіп кетті.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпион Сүндет Айтқұл (7-1) қытайлық Цинхэ Чжанмен (12-6) кездеседі. Негізгі жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Дамир «Қазақ сехудосы» Төленов (11-1) Қытай өкілі Бухуогубумен (5-3) кездеседі.

OCTAGON 57 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 57 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink