Дюссельдорф қаласында (Германия) үстел теннисінен WTT Feeder халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аралас жұпта қазақстандық спортшылар Айдос Кенжіғұлов пен Сарвиноз Миркадирова 1/8 финалда жапониялық Джо Ёкотани/Сакура Ёкойды 3:2 есебімен ұтты.

Ширек финалда олар сингапурлық Панг Ю Эн Коэн/Вонг Синь Ру жұбымен ойнайды.