Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Мексиканың Морелос қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші Антуан Бельемен (Швейцария) бірге америкалық Саггерман/Трхак жұбымен кездесіп, үш сетте 7:6 (7:2), 6:7 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Ойын 1/8 финалдық кезеңде өтті.

Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық теннисші ATP әлемдік рейтингінде 192-орында тұр.