Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде 54 келі салмақта лицензиялық жарысқа қатысатын боксшы анықталды, деп жазады Olympic.kz.

54 келі салмақтағы финалдық жекпе-жекте Ұлжан Сәрсенбек пен Сымбат Әлиасқар кездескен болатын.

Жекпе-жекте төрешілердің бірауыз шешімімен Ұлжан Сәрсенбек жеңіске жетті.

Осылайша, жас боксшы Таиландта өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысу мүмкіндігін иеленді.