«Ақтөбе» басшылығы стадионның өз алаңындағы матчтарға дайындығын тексерді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақтөбе қалалық басқарма төрағасының міндетін атқарушы Азамат Шайхы бастаған топ облыстың бас аренасында алаңның сапасын тексерді.

Газонды бақылауға стадион қызметкерлері, белгілі агроном Виктор Яроменко мен клуб басшысының орынбасары Юрий Логвиненко да қатысты.

Азамат Ерболұлы көгалдың деңгейін жақсы деп бағалап, 4 мамырда өтетін «Астанамен» ойынға стадионды дайындау мәселесін тапсырды.

Виктор Яроменко – Ақтөбенің бас аренасында табиғи көгалды дамытуға көмектесетін әлемдік деңгейдегі маман, футболдан Еуропа чемпионатының, сондай-ақ Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының матчтарына көгал дайындаумен танымал болған адам.

Бірінші ойын алдында Орталық стадион толық сертификаттаудан өтеді», - деп хабарлады клуб.