Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, танымал бразилиялық спортшы Феррао «Семей» футзал клубында өнер көрсетеді.

Феррао деген лақап атымен танымал Карлос Вагнер Гуларте Фильо «Семеймен» келісімшарт жасасты.

33 жастағы бразилиялық – әлемдік футзалдың нағыз жұлдызы. Ол «Барселонамен» бірге ел чемпионатын және УЕФА Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алған.

Сонымен қатар, Бразилия құрамасының ойыншысы үш жыл қатарынан (2019, 2020 және 2021) әлемнің үздік футзалшысы атанған.

«Семейді» осындай мықты трансфермен құттықтаймыз!