30 жастағы испаниялық теннисші Аарон Кортес келіссөздерге қатысқаны үшін 15 жылға, яғни 2039 жылға дейін дисквалификацияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Теннис халықаралық агенттігі (ITIA) хабарлады.

«Бұл жарыс нәтижелерін бұрмалағаны, жарыс нәтижелерін бұрмалап пайда тапқаны, сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы хабарламағаны, тенниске бәс тіккені үшін қолданылған жаза», - делінген ITIA мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 2017 жылы 955 ұпаймен мансаптық жоғары әлемдік рейтингке қол жеткізген Кортес 2016-2018 жылдар аралығында теннисте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны 35 рет бұзғанын мойындап, тергеумен толық ынтымақтасқан.