Испанияның Relevo порталы норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд пен «Манчестер Сити» арасындағы келісімшарт келісімі жайлы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, 23 жастағы футболшының ағылшын командасымен келісімшартында 175 миллион еуроны құрайтын босату бабы бар. Яғни, Холланд басқа командаға ауысатын болса, сатып алатын клуб осы ақшаны төлеуге тиісті.

Эрлинг Холанд Манчестер Ситиге 2022 жылда ауысты. Шабуылшының клубпен келісім шарты 2027 жылға дейін. Осы маусымда норвегиялық шабуылшы барлық жарыстарда 37 матчқа қатысып, 30 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Қазіргі уақытта «Манчестер Сити» 31 матчта 70 ұпай жинап, Премьер-Лига кестесінде үшінші орында тұр.