Сәрсенбі, 10 сәуірде Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден IIA дивизионында 2024 жылғы әлем чемпионатында үшінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы Исландия құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, команданы Бельгия мен Испаниямен де кездесулер күтіп тұр.

Қазақстан мен Исландия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 16:00-де басталады.