Сәуірден 9-нан 10-ына қараған түні Мадрид пен Лондонда Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында матчтар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мадридтік «Реал» «Манчестер Ситимен» тең түсті.

Кездесу Мадридтегі Сантьяго Бернабеуде өтіп, 3:3 есебімен аяқталды.

Қарымта ойын 17 сәуірде Манчестерде өтеді.

«Арсенал» мен «Бавария» арасындағы алғашқы ойында командалар 2:2 есебімен тарқасты.

Естеріңізге сала кетейік, «Арсенал» мен «Бавария» арасындағы қарымта ойын 17 сәуірде Мюнхенде өтеді.