Қазақстандық жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл португалиялық «Жил Висенте» футбол клубы сапында кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Павлодардың 18 жастағы тумасы және Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы 19 жасқа дейінгі Португалия чемпионатының бірінші дивизионының жетінші турында «Паcуш де Феррейрамен» өткен ойынның 70-минутында қосалқы құрамда алаңға шықты. Ойын Жил Висентенің 1:4 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Ілияс Әбіл Жил Висентеге 2024 жылдың ақпан айында көшкен болатын. 2023 жылғы маусымда Әбіл 17 жасында Павлодардың «Ақсу» сапында Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасап, гол соқты. Жалпы, жартылай қорғаушы ҚПЛ-да екі матч өткізіп, бір гол соқты.