Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласындағы турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік теннисші Илья Симакинмен жұптық сында Қазақстан спортшысы кортта түрік дуэті Берк Илкел – Джем Илкелмен кездесіп, үш сетте 6:4, 3:6, 10:7 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1/8 финалдық кезеңде өтті.

Айта кетейік, 25 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік жұптық рейтингінде 378-ші орында, ал ресейлік теннисші 511-ші орында.