Бүгін 19 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грекияға қарсы кездесу Тбилисиде өтіп, қазақстандықтар 5:1 есебімен ұтты. Ұлттық құрама сапында Аяжан Қожабекова, Қазына Норбаева, Әдия Асқарова гол соқса, Валерия Попова дубль авторы атанды.

Үш ойынның қорытындысы бойынша Орынбасар Дәуренбекованың шәкірттері В5 тобында үшінші орында.

19 жасқа дейінгі қыздар арасында Еуропа чемпионатына іріктеу. В лигасы 5-топ

Грузия - Қазақстан 1:5