Испания ұлттық құрамасы мен «Реал Мадридтің» бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс Чемпиондар лигасы ширек финалдық матчы алдында «Манчестер Сити» туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Манчестер Сити» «Реал Мадридпен» бәсекеде «Баварияның» орнын басты. Ұзақ уақыт бойы мадридтіктердің басты бәсекелесі мюнхендік клуб болды, бірақ соңғы жылдары бұл орынды «Сити» иеленді», — деп келтіреді Касильястың сөзін Relevo.

Ол «Реал Мадрид» пен «Манчестер Сити» қазір әлемдік футболдағы ең үздік екі команда екенін атап өтті.