Дюссельдорф (Германия) өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Feeder халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыста қазақстандық спортшылар Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Анель Бақыт, Владислав Захаров, Искандер Харки алғашқы кездесулерін өткізді.

Нәтижелер:

Дастан Кенжеғұлов - Ли Хо Мин (Гонконг) 3:1Анастасия Лаврова - Эмине Эрнст (Голландия) 3:0Сарвиноз Миркадирова - Марго Дегреф (Бельгия) 3:2Санжар Жұбанов - Луис Прайс (Англия) 3:2Санжар Жұбанов - Густаво Гомес (Чили) 1:3Анель Бақыт - Лорена Морш (Германия) 2:3Искандер Харки - Пал Акаш (Үндістан) 0:3Владислав Захаров - Минхек Ким (Корея) 0:3Айдос Кенжеғұлов - Пармар Дайрия (Үндістан) 2:3