Бүгін, 9 сәуірде Таразда футзалдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында екінші жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы алғашқы ойын да Таразда өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы сапында Шыңғыс Есенаманов пен Арнольд Кнауб гол соққан болатын.

Қазақстан – Өзбекстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.