Бүгін елорда төрінде Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу жекпе-жектері өтіп, жартылай финалда жұдырықтасатын жұптар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін жалпы шаршы алаңда жеті кездесу өтті. Оның бірі финалдық жекпе-жек болса, қалғаны ширек финалда өзара мықтыларды анықтады. Нәтижесінде жартылай финалдық жұптар белгілі болды.

Осыған дейін Назым Қызайбай басты қарсыласы Алуа Балқыбекованы жеңіп, лицензиялық турнирге жолдама алған болатын.

Назарларыңызға алғашқы жарыс күнінің қорытындысын ұсынамыз:

63,5 келі

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Ертуған ЗейнуллиновЖеңімпаз: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

50 келіАлуа Балқыбекова — Назым ҚызайбайЖеңімпаз: Назым Қызайбай

54 келіЖайна Шекербекова — Балауса МұздыманЖеңімпаз: Балауса Мұздыман

54 келіҰлжан Сәрсенбек — Элина БазароваЖеңімпаз: Ұлжан Сәрсенбек

54 келіДина Жоламан — Сымбат ӘлиасқарЖеңімпаз: Сымбат Әлиасқар

54 келіАнель Сақыш –Сәния СұлтанқызыЖеңімпаз: Анель Сақыш

66 келіНаталья Богданова — Дариға ШәкімоваЖеңімпаз: Дариға Шәкімова.Жартылай финалдағы жұптар:63,5 келіЖандос Қыдырәлиев — Мұхаммедсабыр БазарбайұлыСерік Теміржанов — Дулат Бекбауов

54 келіЖайна Шекербекова — Ұлжан СәрсенбекСымбат Әлиасқар — Анель Сақыш

66 келіМилана Сафронова — Наталья БогдановаЛаура Есенкелді — Жасмин Қизатова

75 келіГүлсая Ержан — Жібек Жарасқызы.

Бұл салмақ бойынша Валентина Хальзова финалда күтіп отыр.

Жекпе-жектер ертең 16:00–де басталады.