Астанада олимпиаданың іріктеу турниріне баратын боксшыларды анықтау мақсатында жекпе-жектер өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Қыздар арасындағы 66 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық белдесуінде Наталья Богданова мен Дариға Шәкімова шаршы алаңға шықты. Богданова жекпе-жекте жеңіске жетті.

35 жастағы Шәкімова 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ екі рет Азия чемпионатында (2010, 2015) жеңімпаз атанған.Богданова 2022 жылы Ханчжоудағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Богданова енді турнирдің жартылай финалдық кездесуінде Милана Сафроновамен кездеседі.