«Тұран» футбол командасының бас бапкері Ринат Алюетов «Ордабасымен» (0:1) ойын жайында пікірін білдірді.

«Соңғы кезеңде шеберлігіміз аздық етті. Жігіттер жақсы ойын өрнегін көрсетті. Ойыншыларға алғыс білдіремін! Не дегенмен ел чемпионымен ойнадық. Бұл оңай нәрсе емес. Командамыз жақсы ойын футбол көрсетті деп ойлаймын. Дегенмен бір-ақ минутқа концентрация жоғалтып, гол өткізіп алдық. Одан кейін есе қайтару қиынға соқты»