Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы екінші дивизионның А тобында алғашқы ойынын өткізді

Бұл ойындар Андорра мемлекетінде 7-13 сәуір аралығында өткізіледі. Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті. Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионға берілетін жалғыз жолдаманы Бельгия, Испания, Исландия, Тайпей және Мексика құрамаларымен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасының алдағы ойын кестесі:

8 сәуір. 17:00. Қазақстан — Тайпей

10 сәуір. 17:00. Қазақстан — Исландия

11 сәуір. 20:30. Бельгия — Қазақстан

14 сәуір. 00:00. Испания — Қазақстан.

Қазақстандық хоккейшілер былтыр Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында сынға түсті.