Ақтау қаласында WKF каратэден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, 14 аймақтан 150-ден астам қатысушы жиналған біріншілікте жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы құрамасы (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) көш бастады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Батыс Қазақстан облысының каратэшілері (3 алтын, 2 күміс, 4 қола) екінші орынға жайғасса, Шымкент қаласы (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) үздік үштікті түйіндеді.

«Ақтау қаласында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл – біз үшін маңызды жарыстардың бірі. Себебі жаңа құрама іріктеледі. Жасақталған команда Азия ойындарында, әлем чемпионатында және басқа да бәсекелерде бақтарын сынайтын болады. Әріптестеріміз бен ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Бәрі жоғары деңгейде болды. Біздің спортшылар барлық күш-жігерімізді ақтады. Осының барлығы адал еңбек пен таза жеңістің арқасында», - деді WKF каратэден Қазақстан мемлекеттік жаттықтырушысы Майя Баймағанбетова.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ел чемпионы атағы мен жүлдесін алған спортшылар тізімі:

Ката, жекелей сын (әйелдер):1.Натали Касикова (Батыс Қазақстан облысы),2.Владлена Сигалова (Алматы қаласы),3.Сабрина Имамадиева (Шымкент қ.),3.София Ключник (Маңғыстау облысы).

Ката жекелей сын (ерлер:1.Мәди Қатешов (Түркістан облысы),2.Ислам Хидриев (Жамбыл облысы),3.Ердос Кенжәлиев (БҚО),3.Илез Хидриев (Жамбыл облысы).

Командалық ката (әйелдер):1.Батыс Қазақстан облысы,2.Астана қ.3.Жамбыл облысы,3.Қарағанды облысы.

Командалық ката (ерлер):1.БҚО,2.Жамбыл облысы,3.Атырау облысы,3.Түркістан облысы.

Командалық кумитэ (әйелдер):1.Түркістан облысы,2.Шымкент қ.3.Алматы қ.3.Қарағанды облысы.

Командалық кумитэ (ерлер):1.Алматы қ.2.Атырау облысы,3.Жамбыл облысы,3.Алматы облысы.

Кумитэ, әйелдер (+68 кг):1.Софья Берульцева (Шымкент қ.),2.Таиссия Өтелбаева (Шымкент қ.)3.Асылай Савидова (Маңғыстау обл),3.Дарья Терешина (Қарағанды обл).

Әйелдер, 50 кг:1.Мөлдір Жаңбырбай (Қызылорда обл),2.Әйгерім Тұрсынбекова (Жамбыл обл),3.Әсел Сағидулла (Маңғыстау обл),3.Ақниет Шеризат (Алматы қ.),Әйелдер, 55 кг:1.Айшабибі Шарахан (Маңғыстау обл),2.Гүлмира Үсенова (Маңғыстау обл),3.Мәдина Әлиманова (БҚО),3.Әсемгүл Ердәулет (Қызылорда обл).Әйелдер, 61 кг:1.Әсел Қанай (Түркістан обл),2.Николь Ценгель (Астана қ.),3.Айжан Бәкірова (Шымкент қ.),3.Камила Мейрамбекова (Жамбыл обл).Әйелдер, 68 кг:1.Венера Жақсыбаева (Астана қ.),2.Дайяна Даренская (Алматы қ.),3.Маржан Әшім (Түркістан обл),3.Нұрия Тізімбай (Алматы қ.).Кумитэ, ерлер (+84 кг):1.Диас Анарбеков (Жамбыл обл),2.Әлішер Тайжан (БҚО),3.Санжар Тахтаев (Алматы қ.),3.Нұрнияз Елдашев (Маңғыстау).Ерлер, 55 кг:1.Елнұр Төребек (Түркістан обл),2.Жоламан Биғабыл (БҚО),3.Жанғазы Наптал (Маңғыстау обл),3.Бақытжан Жалғасбай (Маңғыстау обл).Ерлер, 60 кг:1.Алпысбай Қайсар (Шымкент қ.),2.Айбек Шарап (Жамбыл обл),3.Кирилл Москвичев (Алматы обл),3.Дархан Темірәлиев (БҚО).Ерлер, 67 кг:1.Олжас Алтынбек (Маңғыстау обл),2.Ерсұлтан Тәңірберген (Алматы қ.),3.Дидар Әмірәлі (Алматы қ.),3.Дамир Ерғали (БҚО).Ерлер, 75 кг:1.Айдос Мұхат (Маңғыстау),2.Әбірмансұр Батырғали (Атырау обл),3.Әлихан Ғаниев (Алматы қ.),3.Бекнар Төлеген (Шымкент қ.).Ерлер, 84 кг:1.Данияр Юлдашев (Шымкент қ.),2.Асылхан Ғалым (Қызылорда обл),3.Диас Ұлбек (Алматы қ.),3.Никита Тарнакин (Қарағанды обл).I'm