Акробатикалық бағдарламада Қазақстан құрамасы Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан жарыста алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі күн бұрын, 5 сәуірде қазақстандық қыздар техникалық бағдарламада қола жүлде алған болатын.

Қазақстан құрамасы 213,7801 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды. Команда құрамында: Әйгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы.

Күміс жүлдені 205,0300 ұпаймен Қытай жеңіп алды. Үздік үштікті Аустралия (196,6266 ұпаймен) түйіндеді.Бұл ҚР командасының осы жарыстардағы бесінші жүлдесі.

Әлем чемпионатының келесі кезеңдері 3-5 мамырда Францияда, 31-2 маусымда Канадада өтеді. Суперфинал 5-7 шілде аралығында Венгрияда өтеді.