Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монте-Карлодағы турнирдің екінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Бублик хорватиялық теннисші Борна Чоричтен 1:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды.

Айта кетейік, Монте-Карлодағы (Монако) турнир 7-14 сәуір аралығында өтеді. Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 950 575 еуро.