Нидерланды чемпионатының 29-турында «Фейеноорд» ойыншылары «Аяксты» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Роттердамда өткен кездесу 6:0 есебімен аяқталды.

Жеңіске жеткен команда сапында Янкуба Минте (дубль), Игорь Пайшао (дубль), Давид Ганцко және Квинтен Тимбер гол соқты.

Бұл «Аякстың» 124 жылдық тарихындағы ең ірі жеңіліс болды.