Хорватияның Вараждин қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Feeder халықаралық турнирінде отандасымыз Кирилл Герасименко 1/8 финалға жолдама алды.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған турнирде жалпы есебі 232 спортшы бақ сынап жатыр. Олардың ішінде әлемдік рейтингіде ТОП-50 қатарына енетін 12 атлет бар.

Одан бөлек, аталған турнирде Қазақстан атынан Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Мірқадырова мен Анастасия Лаврова сынға түсіп жатыр.