Қазақстандық ауыр атлеттер үшін Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогы мәресіне жетті. Нәтижесінде тәуелсіз Қазақстан тарихында ауыр атлеттеріміз алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігінен тыс қалды.

Аталған біріншілікте бақ сынап жатқан спортшыларымыз арасынан жанкүйерлер 89 келі салмақта Сергей Петровичке сенім артқан болатын.

Өкінішке қарай лицензиялық жарыста бапкерлер оны C тобында сынға қосты. Петрович өзі бақ сынаған топта топ жарғанымен бұл салмақтағы Олимпиада жолдамасының иегерлері А және В тобы арасындағы жеңімпаздар арасында анықталды.