Red Bull файтері Макс Ферстаппен Жапония Гран-приін жеңіп алды - Формула 1 чемпионатының төртінші кезеңі Сузука трассасында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл голландиялық үшін Жапониядағы үшінші жеңіс болды. Аталмыш жетістікке тек неміс Себастьян Феттель (4 рет), британдық Льюис Хэмильтон (5) және неміс Михаэль Шумахер (6) ғана жетті.

Жарыста екінші орынды Ферстаппеннің әріптесі, мексикалық Серхио Перес, ал Феррари өкілі испандық Карлос Сайнц үшінші болып мәреге жетті.

Келесі кезең 19-21 сәуірде Қытайда өтеді.