7 сәуірге қараған түні UFC Vegas 90 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде америкалық Брендан Аллен мен Крис Кертис жұдырықтасты. Жекпе-жек барлық бес раундқа созылып, төрешілер шешімімен (47-48, 48-47, 49-46) Алленнің жеңісімен аяқталды.

Спортшылар бұған дейін 2021 жылы кездескен, ол кезде Кертис техникалық нокаутпен жеңген.