UFC лигасында өнер көрсететін америкалық файтер Брендан Аллен салмақ өлшеу рәсіміне Шавкат Рахмонов сыйлаған тымақты киіп шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Аллен 2022 жылдан бері басынан тымағын тастамайды. Әр жекпе-жек алдында ол салмақ өлшеу рәсіміне қазақтың бас киімін киіп келіп жүр. Содан бері бес жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетіпті. Шавкат пен Брендан Kill Cliff клубында бірге жаттығу жасайды.

7 сәуірде таңертең америкалық файтер кезекті жекпе-жегін өткізуге тиіс. Оның қарсыласы – өзге америкалық Крис Кертис. Бұған дейін қос файтер 2021 жылы кездесіп, Кертис жеңіп кеткен болатын. Ертеңгі реваншта Брендан кек алуға оқталып отыр.